Облыстық балалар шығармашылығы орталығында өткен «Bala Turkvizyon-Қазақстан» халықаралық балалар ән байқауының іріктеу кезеңінде жүздеген үміткерлер арасынан 11 жастағы Дина Диярат топ жарып, Ыстамбұлға жолдама алды.
Дүбірлі доданың жеңімпазы шалғайдағы Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында тұрады. Кішкентайынан ән айтуға құмар болып өскен тұлымшағы желбіреген Дина сахнаның гүлі десе де болады. Алтынай Жорабаева, Жанар Дұғалова секілді жезтаңдай әнші әпкелеріне ұқсауға тырысып, ұстазы Нұрболат Жанайдың айтқандарын қалт етпейді. Қазақстанның өнерлі жастарына білім, ғылым және мәдениет салалары бойынша қолдау көрсетіп келе жатқан «Жандану әлемі» қорының бастамасымен ұйымдастырылып жүрген аталмыш байқау 8-13 жас аралығындағы дарынды балғындарды жұртшылыққа танытады. Олардың дискіге жазылған әндері білім ошақтарына таратылады. Динаның түркі тілінде де әуелете шырқаған әндері қазылар тарапынан ең жоғары баға алып, жеңімпаз ретінде бірауыздан танылды.
– Жас өнерпаз Алматыға «Жұлдыздар үйінде» кәсіби мамандардан ән айтудың қыр-сырына үйренеді. Екі апталық шеберлік сабағын алғаннан кейін Түркияның астанасында өтетін «Bala Turkvizyon» байқауының гранд-финалында ел намысын қорғайтын болады, – дейді Динаның тәлімгер-продюсері Әділхан Макин.
Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ.
Солтүстік Қазақстан облысы.

Ертең еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 15:28
Жеңіл атлетика федерациясы мен Қазақ ұлттық спорт университеті меморандум жасасты
Спорт • Бүгін, 14:33
Елордада электросамокаттарды бақылаудың жаңа жүйесі енгізіледі
Елорда • Бүгін, 13:42
Израиль Иранның энергетикалық нысанына соққы жасады
Әлем • Бүгін, 12:55
Бүгін Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттері жұмыс істемейді
Қоғам • Бүгін, 12:27
Иран атып түсірген АҚШ ұшағының ұшқыштары құтқарылды
Әлем • Бүгін, 11:55
Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр мен найзағай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 11:32
Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 10:43
Атырау облысында полицейлерге шабуыл жасаған топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 10:22
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:45
Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жеңімпазы атанды
Теннис • Бүгін, 09:20
«Digital Qazaqstan»: Шымкентте Қазақстан математиктерінің конгресі өтті
Технология • Кеше