Фото: Н.Байбулин
Президент осы мақсатта Токиода жапониялық ірі бизнес өкілдерімен кездесулер өткізбек.
Барлығы 40-тан астам құжатқа қол қою жоспарланған. Келісімдер энергетика, жаңартылатын қуат көздері, цифрландыру, тау-кен, көлік секілді негізгі салаларды қамтиды.
Қазақстан тарапынан құжаттарға «Самұрық-Қазына», KEGOC, «Қазатомөнеркәсіп», «Тау-кен Самұрық», «Қазпошта», «Қазақстан темір жолы» компаниялары, ал Жапония тарапынан Marubeni, MUFG Bank, Mitsubishi Heavy Industries, Hitachi Energy, Toshiba, JOGMEC, Kansai Electric Power және RIKEN KOGYO сияқты компаниялардың өкілдері қол қояды. Президенттің Жапонияға сапары аясында өзге де ресми келіссөздер мен іскерлік кездесулер өткізу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Президент Жапония Императорының сарайына барды. Қасым-Жомарт Тоқаевты Император Нарухито қарсы алды.
Президент қонақжайлық танытқаны үшін Жапония Императорына ризашылығын білдірді.