Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Байқаудың басты мақсаты – азаматтық бірегейлікті нығайту, ұлттық құндылықтарды заманауи форматта насихаттау және қоғамдағы белсенді шығармашылық бастамаларды қолдау.
Байқауға 17 облыс пен 3 мегаполистен келген қатысушылар өз ойы мен көзқарасын өнер тілі арқылы жеткізді. Эссе, бейнежұмыс, сахналық қойылым, поэзия мен заманауи мультимедиа форматтарындағы жұмыстар ел тәуелсіздігі, халық бірлігі және Отанға деген шынайы сүйіспеншілік тақырыптарын терең аша білді.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Мемлекеттік рәміздердің маңызын заманауи бейне тілінде көрсете білген қатысушылар «Рәміздерім – мақтанышым» номинациясы бойынша марапатталды.
III орын – Нұрланбек Аружан Нұржанқызы
II орын – Нұрқасым Дамир Айдынұлы
I орын – Серік Елнұр Бақытжанұлы
Ал көркем ой мен азаматтық ұстанымды тоғыстырған шығармашылық жұмыстар «Елдіктің асқақ айбыны» номинациясында жоғары бағаланды.
III орын – Бахатай Жанна Аманғалиқызы
III орын – Бисекенова Айдана Жанболатқызы
III орын – Полатова Айнұр Жұмабекқызы
II орын – Оспанова Айгерім Маратқызы
II орын – Файзолла Алпамыс Бауыржанұлы
I орын – Бимердинова Арайлым Жолдасбекқызы
Жеңімпаздарға дипломдар, естелік сыйлықтар, гүл шоқтары табысталып, салтанатты рәсім Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты.