Президент • Кеше

Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен мазмұнды әрі нәтижелі телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді.

Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырды

Бұл туралы Ақ үй басшысы Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Дональд Трамптың айтуынша, телефонмен әңгіме барысында тараптар қазіргі жалғасып жатқан қақтығыстарды реттеу мәселесінің маңызын, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда мен ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылаған.

Сондай-ақ АҚШ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты келесі жылы Майами қаласында өтетін G20 саммитіне шақыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп арасында ұзақ телефон арқылы әңгіме болғаны хабарланған еді. Сөз соңында Қазақстан Президенті АҚШ президентін өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырған.

Соңғы жаңалықтар