Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2025

Заречный кентінің тұрғындары жаңа қонысқа көшті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласының «Заречный» кентінің тұрғындарына жаңа баспана берілді.  Шағын ауданның халқы жыл сайын су тасқынынан зардап шегіп, табиғатқа тәуелді болып келген. Енді сол азаптан құтылатын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заречный кентінің тұрғындары жаңа қонысқа көшті

Тәуелсіздік күні шағын ауданның 40 тұрғынына көпқабатты үйден жаңа пәтерлердің кілті табыс етілді. Бұл шара шағын ауданды жауып, тұрғындарды жаңа қонысқа көшіру туралы қабылданған шешімнің нәтижесінде жүзеге асты.  

«Жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешені 90 пәтерге арналған, қалған 50 пәтер Жаңа жыл қарсаңында беріледі. «Заречный» шағын ауданында барлығы 266 отбасы тұратын. Қалған тұрғындар үшін салынып жатқан үйлердің құрылысы маусым айында аяқталады», деді облыс әкімінің орынбасары Н.Кеңесов.

Петропавл

Соңғы жаңалықтар