Ақтау қалалық әкімдігі бұл жағдайдан хабардар болып шықты. 29-шағын аудан 23 тұрғын үйде жылу тасымалдағыштың температуралық параметрлерінің талапқа сай келмеуінен пәтерлер жылымай тұрған көрінеді.
«Бұл жағдай шағын ауданның жылу желілеріндегі гидравликалық теңгерімнің бұзылуынан болып тұр. Оған қоса, басқа ғимараттарда қуатты сорғылар пайдаланылады. Ал, аталған үйдің элеваторлық жылыту жүйесі ескірген. Мұндай мәселелерді шешу үшін қалада жылу тораптарын жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. 26, 27, 28, 28А және 29-шағын аудандарда ескі жүйелер кезең-кезеңімен автоматтандырылған жүйелерге ауыстырылады. Аталған 23 үйде де заманауи автоматтандырылған жылу торабын орнату жоспарланған», делінген хабарламада.
Әкімдіктің мәліметінше, мердігер мекеме аталған тұрғын үйде жылыту жүйесін реттеу және тұрақтандыру жұмыстарын бастаған. 27 желтоқсанға дейін мәселені толық шешу жоспарланып отыр.