Фото: Ашық дереккөз
Ұлттық компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 27 желтоқсан сағат 05:30-дан бастап Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Өскемен- Алтай-Үлкен Нарын - Катонқарағай - Рахман қайнары» автожолының 166-250-шақырым аралығында (Алтай қаласы - Үлкен Нарын ауылы) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды.
Ал тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен - Алтай - Қатонқарағай - Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы - Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.
Ал Павлодар облысында «Астана - Шідерті - Павлодар - Успенка - РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.