Спорт • 27 Желтоқсан, 2025

Әлия Юсупова Шымкент қаласының Құрметті азаматы атанды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанға танымал спортшы, жазғы Олимпиада ойындарының екі дүркін қатысушысы, қоғам қайраткері әрі салауатты өмір салтын насихаттаушы Әлия Юсупова «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлия Юсупова Шымкент қаласының Құрметті азаматы атанды

Фото: yujanka.kz

Марапаттау рәсімі Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өтті. Қала басшысы өз сөзінде мұндай азаматтардың еңбегі Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, мегаполистің оң имиджін қалыптастыратынын атап өтті.

Әлия Юсуповаға бұл атақ спорт саласын дамытуға қосқан көпжылдық үлесі, жас дарындарды тәрбиелеудегі еңбегі және бұқаралық дене шынықтыруды кеңінен насихаттағаны үшін берілді.

Салтанатты жиын барысында қала әкімі түрлі сала өкілдерін де марапаттап, олардың мегаполис пен жалпы ел дамуына қосып жүрген елеулі үлесін ерекше атап өтті.

Соңғы жаңалықтар