12 Тамыз, 2015

Шынайы достықтың жарқын көрінісі 

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
10.08.15AbuDabi Жуырда Әбу Дабиде Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісі Қайрат Лама Шариф БАӘ Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Ахмед Жұма әз-Зағабимен кездесіп, екі мемлекет қатынастарын одан әрі дамыту және тереңдету төңірегінде пікір алмасты, деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі. Қазақстандық дипломат Дубай халықаралық қаржы орталығы үлгісі негізінде Аста­на халықаралық қаржы орталы­ғын құру туралы Қазақстан Пре­зиденті Нұрсұлтан Назар­баевтың бастамасын бірлесіп іске асыру екіжақты ынтымақ­тас­тыққа жаңа серпін беретінін атап өтті. Ахмед Жұма әз-Зағаби өз кезегінде Астанада бой көтеріп келе жатқан «Әбу Даби Плаза» кешенін екі ел басшылары арасындағы шынайы достық­тың және қарқынды мемлекетара­лық ынтымақтастықтың жар­қын белгісі ретінде бағалады. ­Со­ны­­мен қатар, Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті ­Н.На­зарбаев пен БАӘ Прези­денті шейх Халифа бен Заид әл-Нахаянның арасындағы өз­ара уағда­лас­тықтың арқа­сында Астана қаласында Қазақстан-Әмірліктер зияткерлік орта мектебінің құрылысы басталды. Шейх Халифа атындағы Қайы­рымдылық қоры 13 млн. АҚШ доллары көлемінде тегін грант бөліп, мектеп құры­лы­сы­ның жобасын Астана қаласы әкім­дігімен бірлесіп іске ­асыруда. Кездесу соңында Қ.Лама Шариф сұхбаттасына Қазақ­­стан Республикасы Консти­ту­ция­сы­ның 20 жылдығына арналған ме­рекелік шараларға қатысуға қазақстандық тараптың ресми ша­қыруын табыс етті. Шақыру зор ризашылықпен қабыл алынды. «Егемен-ақпарат».