Аймақтар • Бүгін, 13:46

Көкшетауда жаңа көпбейінді аурухана салынып жатыр

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Көкшетауда 630 төсек-орынға лайықталған жаңа көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Ақмола облысы мен Солтүстік аймақ үшін стратегиялық маңызы зор нысанда кешенді медициналық көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейтін болады, деп жазады Egemen.kz.

Көкшетауда жаңа көпбейінді аурухана салынып жатыр

Фото: видеодан алынған кадр

Нысан қабылдау-диагностикалық, шұғыл медициналық көмекті, хирургиялық және терапиялық, реанимация және қарқынды терапия бойынша, сондай-ақ қалпына келтіру емі және оңалту қызметтерін бір кеңістікте біріктіретін бірыңғай заманауи медициналық кешен ретінде қызмет көрсетуге бейімделеді.

Сондай-ақ медициналық нысанның есігі ашылғанда жергілікті жерде мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп, ем алушыларды басқа өңірлерге жіберу көрсеткішін төмендетеді.

Медициналық кешен қолданыстағы стандарттарға сәйкес заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен жасақталады.

Жоба аясында өңірге білікті дәрігерлерді тартып, кадр тапшылығын азайту да көзделген.

Соңғы жаңалықтар