Технология • Кеше

Аlemcloud ұлттық суперкомпьютері TOP-500 рейтингіне енді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент биылғы Жолдауында Қазақстанды алдағы үш жылдың ішінде толық цифрлық мемлекетке айналдыру жөнінде стратегиялық міндет қойған еді. Еліміздің цифрлық экожүйесін қалыптастыру аясында қыруар шаруа атқарылды. Саладағы ілкімді нәтижелерді Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай телеграм арнасында жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Аlemcloud ұлттық суперкомпьютері TOP-500 рейтингіне енді

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

«Жасанды интеллект туралы» Заңның қабылдануы – аталған саладағы жаңалықтың бірі. Осылайша, Қазақстан ЖИ саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге заң жүзінде негіз қалаған әлемдегі алғашқы елдердің қатарына енді.

Аталған саладағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мақсатында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды.

Президент шілде айында Астанада Аlemcloud ұлттық суперкомпьютерін ресми түрде іске қосты. Қараша айындағы тестілеу нәтижесінде аталған жүйе суперкомпьютерлердің әлемдік TOP-500 рейтингінде 86-орынға ие болды.

«Қазақтелеком» АҚ Алматыға екінші Al‑Farabium суперкомпьютерін жеткізді. Ол жаһандық рейтингте 103-ші орынға табан тіреді. Президент, ең алдымен, білікті мамандар даярлауға баса мән беру қажет деп санайды. Сондықтан елімізде ЖИ саласындағы арнаулы зерттеу университетін құруды ұсынды.

Астанада Alemai халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды.

Студенттерге арналған AI-Sana бағдарламасы басталды. Сол арқылы қазірдің өзінде 440 мыңнан астам студент ЖИ саласын меңгерді.

Жасанды интеллект саласындағы алғашқы қазақстандық «сыңармүйіз» стартап – Higgsfield AI пайда болды. Бұл да айтулы жаңалық болып отыр.

Ал биыл ел экономикасындағы өсім соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті.

Соңғы жаңалықтар

Екі дос

Қоғам • Кеше