Астанада 6 қаңтарда қар жауып, бұрқасын жүреді, күндіз көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болатыны болжанады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда 6 қаңтарда көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Қызылордада 6 қаңтарда тұман болу ықтималдылығы жоғары.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда 6 қаңтарда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында қалың қар жауады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, облыстың шығысында тұман болатыны болжанады. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда 6 қаңтарда қар жауып, бұрқасын жүреді, күндіз жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, күндіз көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндізгі екпіні 25 м/с дейін жетеді. Өскеменде 6 қаңтарда түнде қар жауып, бұрқасын жүреді, жолдарда көктайғақ болатыны болжанады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, ал облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндізгі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде 6 қаңтарда күндіз қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді, ал облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ақтөбеде 6 қаңтарда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түндегі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде қар жауып, бұрқасын жүреді, ал облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жезқазғанда 6 қаңтарда кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі.
6-7 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Таразда 6-7 қаңтарда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Шымкент және Түркістан қалаларында да 6 қаңтарда кей уақыттарда тұман болатыны болжанады.
Павлодар облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, күндіз көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында 23-28 м/с дейін жетеді. Павлодарда 6 қаңтарда қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, ал облыстың батысында, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысындағы жел екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанайда 6 қаңтарда түнде қалың қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, ал облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түсетіні болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Қарағандыда 6 қаңтарда күннің соңында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, күндіз көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 6 қаңтарда қар жауып, бұрқасын жүреді, күндіз көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23 м/с дейін жетеді.
6-7 қаңтарда Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.