Тағайындау • Кеше

«Қазақмыс» корпорациясына жаңа басшы тағайындалды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Руслан Өскенәлі «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС Басқарма төрағасы қызметіне кірісті. Корпорация оның коммерциялық және өнеркәсіптік құрылымдардың басқарушылық қызметінде тәжірибеcі мол екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

«Қазақмыс» корпорациясына жаңа басшы тағайындалды

Фото: «Қазақмыс» корпорациясы

Руслан Өскенәлі әр жылдары «Қазақмыс» корпорациясы, Alstom және General Electric сынды ірі халықаралық және ұлттық компанияларда басшылық лауазымдарды атқарған.

2024 жылдың наурыз айынан бастап Qarmet компаниясында жабдықтау жөніндегі директор қызметін атқарып, сатып алу функциясын стратегиялық дамытумен және жабдықтау процесін оңтайландырумен айналысқан. Сондай-ақ Басқарма мүшесі ретінде компанияның жалпы басқару мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысқан.

Айта кетейік, «Қазақмыс» өндірістегі қауіпсіздік деңгейін көтеру мақсатында АҚШ-тың «JMJ Associates» халықаралық консалтингтік компаниясымен келісімшарт жасасқан. 

Соңғы жаңалықтар