Көш басында – Магнус Карлсен. Норвегияның даңқты шахматшысы былтыр 16 турнирге қатысып, 1 455 276 АҚШ доларын еншілеген екен. Екінші және үшінші орындарда АҚШ-тың қос жұлдызы – Фабиано Каруана мен Левон Аронян. Каруана 19 жарыста бақ сынап, 889 598 долларды олжаласа, Аронян 15 додада сайысқа түсіп, 751 881 долларды иеленді.
Шахматшы Бибісара Асаубаева блицтен әлем чемпионы атанды
Ал шахмат тарихында ең көп олжаға кенелген ойыншылардың үздік бестігіне мына саңлақтар еніп отыр: Магнус Карлсен (Норвегия, $ 12 232 249 ), Вишванатан Ананд (Үндістан, $ 9 551 844 ), Гарри Каспаров (Ресей, $ 8 045 979), Анатолий Карпов (Ресей, $ 5 989 480) және Владимир Крамник (Ресей, $ 4 775 825).