Әлем • 11 Қаңтар, 2026

Финляндия Оттава конвенциясынан ресми түрде шықты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Финляндия жаяу әскерге қарсы миналарды қолдануға тыйым салатын Оттава конвенциясы құрамынан ресми түрде шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Финляндия Оттава конвенциясынан ресми түрде шықты

Бұл шешім Ресейдің Украинаға қарсы соғысы аясында елдің қорғаныс саясатын қайта қарауымен байланысты.

Фин билігі енді жаяу әскерге қарсы миналарды өндіруге, сақтауға және пайдалануға заңды құқық алады. Мұндай қадам Ресеймен шектесетін 1300 шақырымдық мемлекеттік шекараны нығайту қажеттілігімен түсіндірілді.

Президент Финляндия халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Соңғы жылдары қауіпсіздік қатерлерінің күшеюіне байланысты Финляндия бірқатар қорғаныс шараны жүзеге асырып келеді. Атап айтқанда, шығыс шекарада шамамен 200 шақырым қоршау салу жоспарланған, жерасты инфрақұрылымы мен азаматтық қорғаныс паналары дамып жатыр, ауқымды әскери оқу-жаттығулар өткізіліп, халықты эвакуациялау жоспарлары жаңартылған.

Қазақстан мен Финляндия Президенттері Бірлескен мәлімдеме қабылдады

Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім Еуропадағы қауіпсіздік ахуалының түбегейлі өзгергенін көрсетеді. Ресеймен шекара енді ынтымақтастық аймағы емес, қорғаныс шебі ретінде қарастырыла бастады.

Соңғы жаңалықтар

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20