Саясат • Кеше

Ерекше бақылаудағы мәселелер

20 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Сенаторлар өңірде қордаланған бірқатар мәселе әлі де шешімін күтіп тұрғанын айтады. Сенат төрағасының орынбасары Ольга Перепечина Солтүстік Қазақстан облысының жұрт­шы­лы­ғымен кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдап қайтты. Сондай-ақ депутаттар еліміздің батыс өңірлерін аралап келді.

Ерекше бақылаудағы мәселелер

Сурет: nur.kz

О.Перепечина Тепличное ауылындағы 4,8 км шақырымды құрайтын жаңа қорғаныс бөгеті­нің құрылысымен танысты. 2024 жылы мыңдаған үйді су басқан тасқынынан кейін алапатқа қарсы қауіпсіздік мәселелері қазір ерекше бақылауда. Құрылыс жұмыстары қаңтардың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

«Қайта құру жұмыстары көк­темгі су тасқыны басталғанға дейін аяқталуға тиіс. Бұл ретте технологиялар мен материалдардың сапасы жоғары болуы қажет, өйткені бұл өңір тұрғындары­ның қауіпсіздігі мен әл-ауқатына тікелей әсер етеді», деп атап өтті Сенат төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ ол Қызылжар ауданы­ның Бескөл ауылында бір ауы­сымда 250 адамды қабыл­дай­тын жаңа емхананың құры­лыс алаңында, хоккей кортына арнал­ған металл-тентті құрылыс нысанында, Бескөл №2 орта мектебінде, бейімделген ғимаратта орналасқан Подгорное ауылындағы мектеппен Белое ауылындағы апатты жағдайдағы мектепте болды.

Ал Сенат депутаттары Нұрлан Бекенов, Дархан Қыдырәлі, Алтынбек Нухұлы Ақмола облы­сын­дағы Бурабай ауданын аралады. Олар спорт сарайы мен аудандық мәдениет үйі, «Білім-инновация» IT мектебінің жұ­мы­сымен танысты. Сенаторлар аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесіп өткізген дөңгелек үстел отырысына да қатысты. Онда Мемлекет басшысының «Turkistan» газетіне берген сұхбатының не­г­із­гі тұжырымдары, алдағы кезең­­дегі бір­лескен жұмыстың басым ба­ғыт­тары талқыланды. Сон­дай-ақ де­­путат Н.Бекенов Ақкөл ауданын­­да болды. Ол Домбыралы мен Кеңес ауылдарындағы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жа­ңартылған кентішілік жолдар мен су құбыры желілерін көріп шықты. Сенатор сонымен қатар Кеңес орман шаруашылығында болып, мекеменің материалдық-техникалық жабдықталуы мен қыз­меткерлердің еңбек жағдайымен танысты.

Сенат депутаттары Амангелді Нұғманов Ақтөбе облысындағы Хромтау, Қарғалы, Мұғалжар мен Алға аудандарында болды. Ол Хромтау ауданындағы Табан­тал ауылында жел электр стан­са­сының құрылысы мен Ақжар ауылдық округінің жазық стансасындағы жаңа мектепті, «АҚМЭЗ» ЖШС-нің кеңейтілетін өндірісі мен мәдениет үйін, дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен Хромтау қаласындағы қала­­­лық қазандықты қарап шықты. Депу­тат сондай-ақ Қарғалы ауда­­нын­да аудандық орталық ауру­хана­ның қосымша құрылысымен, Бадамша ауылындағы балалар шы­ғармашылығы және өнер мек­тебінің жұмысымен танысты. Ал Мұғалжар ауданында аудан­дық аурухананың жөндеу жұмыс­­тарын, теміржол вокзалын жаңғыр­ту мен Қандыағаш қаласының Самал шағын ауданында жаңа мектеп құрылысын көріп шықты.

Атырау облысына барған сенаторлар ауылдық аумақтарды дамыту барысы мен мамандар жағ­дайын талқылады. Әлібек Нәутиев пен Сағындық Лұқпанов С.Мұқашев атындағы Атырау поли­техникалық колледжінде бол­­ды. Онда оқу орнының мате­риал­­дық-техникалық базасын, оқу кабинеттерін заманауи жабдық­тармен жарақтандыруын, жалпы білікті маман даярлау ісінің жай-күйін бақылап қайтты. Өйткені бұл салада олқылық болмау керек. Мемлекет басшысы жұмысшы, инженер мамандарды сапалы даярлауды тапсырған еді.

Депутаттар Махамбет ауданында да болып, Талдыкөл ауылының тұрғындарымен кездесті. Халық ауыл инфрақұрылымының жай-күйін, энергетика нысандары мен коммуналдық желілердің жұмысын сөз етіп, басқа да өзекті мәселелерді көтерді.

Депутат Сергей Карплюк Қостанай облысында болып, өнеркәсіп секторының өкілдерімен, мәслихат депутаттарымен, сондай-ақ өңір активімен кездесті. Сенатор «Allur» компаниясының өндіріс алаңында болып, кәсіпорынның логистика, көлікке қолжетімділік, инфра­құрылымдық шектеулер секіл­ді мәселелеріне зер салды. Зауыт өкілдері логистика тіз­бек­те­рін жетілдіру, шығындарды азайту, өнеркәсіптік кооперацияны ке­ңейту мен отандық өндіру­ші­лер­ді қолдау жөнінде ұсыныстар айтты.

Сенатор Серік Өтешов Қара­ған­­ды облысындағы Шахтинск қаласында болды. Сондай-ақ ол Бұқар жырау ауданын­да ор­налас­қан «Сарыарқа» ар­найы эко­­но­микалық аймағы­на барды. Ол бұған қоса Қараған­ды қала­­сын­дағы №1 маманданды­рыл­­ған өрт сөндіру бөлімінің қыз­меті­мен танысты. Бұқар жырау ауда­ны­­ның Баймырза ауылындағы ауыл­дық округтің өрт қауіпсіздігін қамта­ма­сыз ету үшін құрылған өртке қарсы ерікті жаңа бекетте де болды.

Түркістан облысының Келес, Сарыағаш аудандарында болған Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек, Алишер Сатвалдиев өңірдің аграр­лық секторына зер салды. Келес ауданында сенаторлар кезең-кезең­і­мен іске асырылып жатқан Ecoculture-Eurasia индуст­рия­лық жылыжай кешенінің жұмы­сы­мен танысты. Қазір қазан­дық ша­руа­шылығының негізгі құры­лыс жұмыстары аяқталып, заманауи жылыжай технологиялары енгі­зіліп жатыр, өндірістік блоктардың бір бөлігі ауыл шаруашылығы дақылдарын отырғызуға арналған. Бүгінде нысанда 100-ге жуық адам жұмыс істейді, ал кешен толық іске қосылғанда 1 300-ден аса тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Жобаның бірінші кезеңінде 51 гек­тардан аса жер игерілмек, жал­пы көлемі 42 млрд теңгені құрайды.

Сенат депутаттары Сұлтан Дүйсем­бинов, Ғалиасқар Сары­баев, Амангелді Есбай Жетісу облы­­сында болып, әлеуметтік, мәдени, ин­же­нерлік нысандарды ара­лады. Олар мүм­кіндігі шек­­теу­лі жан­дарға арналған «Асар» спорт­­тық-оңалту орталы­ғы­на ба­­рып, он­дағы оңалту, спорт­тық са­бақ­тар­ды өткізу жағ­дайы­мен та­ныс­ты, сондай-ақ орта­лық қыз­мет­кер­лері­мен және келушілерімен сөйлесті. 

Соңғы жаңалықтар