Аймақтар • Кеше

Абай облысында бүтін бір ауыл ішімдіктен бас тартты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысы, Бесқарағай ауданына қарасты Жетіжар ауылдық округінде орналасқан Лесное ауылы алкоголь өнімдерін тұтынудан толықтай бас тартты, деп жазады Egemen.kz.

Абай облысында бүтін бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Фото: azattyq-ruhy.kz

Ауылда 170 тұрғын, 34 аула бар. Аталған бастаманы Жетіжар ауылдық округіне жауапты Бесқарағай ауданы полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Мұрат Шакимұратов көтеріп, ауыл ақсақалдары, қоғамдық кеңес мүшелері және белсенді тұрғындар толық қолдаған.

Қосшы қаласының кәсіпкерлері алкоголь сатудан бас тартты

Алкоголь өнімдерін тұтынудан бас тарту ауылдағы қоғамдық жағдайға оң ықпал еткен. Тұрғындармен өзара іс-қимыл жүйеленіп, балалар мен жастардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлініп, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Лесное ауылының тұрғындары көрсеткен бұл бірлік пен саналы таңдау – құқық бұзушылықтың алдын алудағы ең тиімді жол. Халық пен полиция арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастықтың арқасында ғана осындай нәтижеге қол жеткізіп отырмыз. Бұл бастама өзге ауылдарға да үлгі болады деп сенемін», деді Мұрат Шакимұратов.

Бұған дейін Қостанай, Ақмола, Қарағанды облысындағы бірнеше ауыл ішімдіктен бас тартқанын хабарлағанбыз.

Енді алкоголь жұмыс уақыты шектеулі арнайы дүкендерде ғана сатылуы мүмкін

Соңғы жаңалықтар