Фото: gov.kz
Сала министрлігінің мәліметінше, кітапхана қорында 64 тілде құжат сақталған. Платформаны 122 елдің оқырмандары пайдаланады. Олардың қатарында Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Өзбекстан, Түркия, Нидерланд, Франция, Қырғызстан сияқты елдер бар.
Ал пайдаланушылар саны 718 955-ке жеткен. Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасы қорында кітаптар, мақалалар, диссертациялар және аудио-видео файлдар – жалпы 83 809 құжат жүктелген. Барлық материалдармен тіркелмей-ақ порталда танысуға болады.
Кітапханалар цифрлық трансформация үдерісін бастап кетті – Аида Балаева