Фото: Видеокадр
Олар танымал K-pop хиттеріне, соның ішінде BTS тобының «Dynamite» әніне, сондай-ақ «Golden» композициясына қосыла барабанда ойнады.
Жапондық БАҚ-тың мәліметінше, барабанда бірге ойнау идеясын Санаэ Такаити ұсынған. Оның айтуынша, Ли Чжэ Мён бұған дейін APEC форматындағы кездесулердің бірінде барабанда ойнап көргісі келетінін айтқан. Осыған байланысты қабылдаушы тарап қонаққа шағын тосынсый жасауды ұйғарған.
Жапония Премьер-министрінің офисінде Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтті
Бейресми үзіліс екі ел арасындағы келіссөздерден кейін ұйымдастырылған. Кездесу барысында тараптар қауіпсіздік мәселелерін, мәдени ынтымақтастықты және екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту жолдарын талқылаған. Сондай-ақ көшбасшылар өңірдегі күрделі жағдай шеңберінде өзара ықпалдастықты нығайту қажеттігін атап өткен.
Жапонияда зообақ қызметкерлері аң костюмін киіп өнер көрсетті