Аймақтар • 15 Қаңтар, 2026

Ұландықтар суық қару ұстаған тұрғынды қолға түсірді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ІІМ Ұлттық ұланының 3660 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Қонаев қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында суық қару алып жүрген азаматты анықтап, ұстады, деп жазады Egemen.kz.

Ұландықтар суық қару ұстаған тұрғынды қолға түсірді

Патрульдік қызмет кезінде топ бастығы, кіші сержант Азамат Байғұл және қатардағы сарбаздар Досмырза Мырзахмет пен Бексұлтан Майлыбай бұларды көріп қашпақшы болған күдікті азаматты байқап қалып, оны тоқтатып, тексеру жүргізеді. Сол кезде оның қойнынан ірі суық қару – мачете табылған.

Аталған азамат одан әрі процессуалдық шаралар қабылдау үшін Қонаев қаласының полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта осы факт бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Оның не үшін суық қарумен жүргені, қандай да бір қылмыс жасау туралы ойы болған-болмағаны тексеріліп, тиісті шешім шығарылады.

лл

Бұған дейін Ақмола облысында ұландықтар жол жиегіне шығып кеткен жүргізушіге көмек көрсеткенін, Оралда есірткі сатушыны ұстағанын хабарлағанбыз.

Ал астаналық ұландықтар жоғалған смартфондарды иелеріне қайтарды.

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:12