Фото: liter.kz
Бұл құжат Азия – Тынық мұхиты өңірі елдері, Қытай, Жапония, Корея, Аустралия, Жаңа Зеландия, Моңғолия және басқа да мемлекеттер арасында дипломдарды танудың бірыңғай әрі ашық ережелерін белгілейді. Еліміз конвенцияға сай ортақ стандарттарды, ресми ақпаратпен міндетті алмасу және білім туралы құжаттарды растау рәсімдерін бекітеді.
Сондай-ақ конвенция біліктілік туралы ақпарат алмасуға арналған халықаралық APNNIC желісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Токио конвенциясына қосылған Орталық Азиядағы алғашқы ел атанып отыр. Бұл мүмкіндік елдің өңірлік білім беру хабы ретіндегі позициясын нығайта түседі.
Елімізде жалған дипломдарды анықтайтын цифрлық портал құрылды