Фото: atameken.kz
«Атамекен» ҰКП баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кездесу барысында қатысушыларға өнімді кері қайтарудың себептері, ауқымы және алдағы іс-қимыл тәртібі жан-жақты түсіндірілді.
«Өнімді ерікті түрде кері қайтару 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап қолға алынды және Қазақстанды қоса алғанда, бірқатар нарықтарды қамтиды. Бұл шара алдын алу сипатында және сыртқы жеткізушіден жеткізілген шикізатта церулид токсинінің ықтимал болуы мүмкін деген қауіптің анықталуына байланысты», деп хабарлады ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Аталған ингредиенттің өнім құрамындағы мөлшері өте төмен екені, сондай-ақ Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында тағам өнімдеріндегі церулид токсинінің құрамына қатысты нормативтік реттеу жоқ екені атап өтілді.
Соған қарамастан, Nestle компаниясы өнімді кері қайтару туралы шешім қабылдады.
Кері қайтаруға өнімнің шектеулі ассортименті жатады, оның ішінде:
- құрғақ тез еритін сүтті, қышқыл сүтті және лактозасыз қоспалар;
- емдік және диеталық тамақтануға арналған аминқышқылдары негізіндегі құрғақ қоспалар.
Кері қайтарылатын нақты партиялардың тізімі nestlebaby.kz сайтында жарияланған. Кері қайтару тек осы партияларға қатысты – Қазақстандағы Nestle компаниясының балаларға арналған өзге өнімдері сатылымда қалады және қауіпсіз болып табылады.
ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Айжан Жәңгірханова Палата бизнесті ашық әрі уақтылы ақпараттандыру алаңы болғанын атап өтті.
«Кәсіпкерлер үшін уәкілетті органдардан ресми әрі сенімді ақпаратты тікелей алу аса маңызды. Бұл жағдайда әңгіме компанияның корпоративтік жауапкершілігі шеңберінде жүргізіліп жатқан ерікті өнімдерді кері қайтару туралы болып отыр және ол анықталған заңбұзушылықтардың салдары емес. Біздің міндетіміз – бизнеске құқықтық аспектілерді түсіндіріп, алаңдаушылықтарды жою», деді А.Жәңгірханова.
Шетелдік маркетплейстерде сауда жасау: ел азаматтары үшін не өзгереді?