Фото: Ұлттық банк
Нұржан Асқарұлы Ноттингем Университеті, экономика ғылымдарының бакалавры мамандығын тәмамдап, 2020 жылы Назарбаев Университетінде «Executive MBA» басшыларына арналған Іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесін алған.
2020 жылдан бастап «Қазақстан Ұлттық банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, сондай-ақ Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры қызметін атқарған.
Айта кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады. Мәдина Әбілқасымова Мемлекет басшысына қаржы нарығын дамытудың 2025 жылғы нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы баяндады.
Еске салайық бүгін Мемлекет басшысы банк және қаржы нарығын реттеу туралы екі заңға қол қойды.