Үкімет • Бүгін, 07:55

Қаржы ұйымдарымен ынталы ынтымақтастық

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкіметтің Халықаралық қаржы ұйымдарымен ынты­мақ­­тастығы жөніндегі үйлес­тіру кеңесінің отырысы өтті.

Қаржы ұйымдарымен ынталы ынтымақтастық

Жиын барысында экономика­лық реформалар мен инвестиция­лық жобаларды жүзеге асыру шең­берінде халықаралық қаржы ұйым­дарымен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған мәселелер талқыланды. Үйлестіру кеңесінің алдыңғы отырысы­ның хаттамалық тапсырмаларын орындау қорытындылары мен жобаларды жүзеге асыруды одан әрі оңтайландыру әрі жеделдету жөнін­дегі ұсыныстар, сондай-ақ бір­лес­кен бағдарламаларды кеңейту мүм­кіндіктері қаралды.

Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бо­йынша еліміздің Стратегиялық жоспарлау және реформалар агент­тігінің төрағасы Әсет Ерғалиев халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жөніндегі ұлттық байланыс жасайтын тұлға болып белгіленгенін хабарлады.

Аталған тәсіл жобаны жүзеге асырудағы тәртіпті әрі бірлескен бағдарламалар мен аналитикалық зерттеулердің мақұлдау жеделдігін арттыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Дүниежүзілік банктің еліміздегі өкілі Андрей Михнев приоритетті бағдарламаларды жоспарлау мен тиімді жүзеге асыру мақсатында қаржыландыру көздерін көрсете отырып, мемлекеттік қарыздар мен мемлекеттік кепілдіктерді қамтитын көпжылдық инвестициялық жоспар бекітуді ұсынды.

Энергетикалық қуат көздері­нің бірінен екіншісіне көшу саласын­дағы бастамалар өз алдына бөлек талқыланды. Отырысқа қатысу­шылар энергетикалық трансфор­мация бойынша приоритетті жобаларды біріктіру мен ұзақмерзім­ді халықаралық қаржыландыру­ды тартуға бағытталған елдік инвес­ти­циялық платформаны қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды қарады. Энергия­мен қамту сенімділігін арттыру, технологиялық жаңарту мен инвестициялар тарту құралы ретінде энергетикалық көшудің маңыз­дылығы атап өтілді.

Энергетика, Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2025 жыл бойы ЕҚДБ-мен бірлесіп энерге­тика секторына назар аудара отырып, Қазақстанның әділ энер­гетикалық көшуі жөніндегі Елдік инвестициялық платфор­масының (KazJETP) тұжырымдамасын да­йындады.

Елдің энергетикалық сек­торының платформасы ауқымды халықаралық қаржыландыру­ды тарту мен еліміздің климат­тық мақсаттарына қол жеткізуге тиімді интеграцияланған жүйелік тәсіл ретінде қарастырылады. Аталған тетік халықаралық қаржы институттарының, мемлекеттік органдардың және жеке сектордың ресурстарын біріктіре отырып, кли­маттық қаржыландыруды үйлес­тіруді қамтамасыз етуге арналған.

Бұған қоса халықаралық қар­жы ұйымдарының қатысуымен жүзеге асырылатын бірқатар инфра­құрылымдық жобаны, оның қатарында су шаруашылығы, су тасқыны тәуекелдерін басқару мен коммуналдық инфрақұрылым саласындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды. Атап айтқанда, Ақмола облысындағы Есіл өзенінде Есіл қарсы реттегішін салу мен Ақмола облысы Степногорск қала­сының кәріздік тазарту құры­лысжайларын реконструкциялау жөніндегі жобаларға Азия даму банкінің қатысуы.

Премьер-министр экономиканы тұрақты дамыту мен басым салаларға инвестициялар тартуға халықаралық қаржы институттарымен әріптестіктің маңыздылығын атап өтті. Үкімет ұзақмерзімді тұрақ­ты әсерлерге қол жеткізуге бағыт­талған бастамаларды қолдауды әрі туындаған мәселелерге жедел ден қоюды жалғастырады.

Отырыс қорытындысы бо­йын­ша мемлекеттік органдарға халық­аралық әріптестермен бірлесіп ұсынылған ұсыныстарды пысық­тауды, іс-қимылдарды үйлестіруді әрі бірлескен инвестициялық жобаларды уақтылы жүзеге асыруды қамтамасыз ету тапсырылды. 

Соңғы жаңалықтар