Нақтырақ айтқанда, төтенше жағдай Теңіз кен орнындағы Үшінші буын зауытының аумағында тіркелген.
«Өрт жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. ТШО-ның өндірістік қызметі тоқтаусыз, қалыпты режимде жалғасып жатыр. Қызметкерлердің қауіпсіздігі ТШО үшін басты басымдық болып қала береді. Компания оқиғаның түпкі себептерін белгіленген тәртіпке сәйкес анықтайды. Бұдан басқа, ТШО өз операциялық қызметінің жекелеген мәселелері бойынша пікір білдірмейді», деп мәлімдеді ТШО.
Жалпы эвакуацияланған жұмысшылардың саны 450-ден асады.
Осы жағдайға байланысты «Қазмұнайгаз» компаниясының таратқан ақпаратына сүйенсек, алдымен кен орнындағы ГТЭС-4 нысанында GT-9.3 турбинасының трансформаторы, кейін ГТЭС-4 нысанындағы GT-9.5 трансформаторы қызыл жалынға оранған.