Реформа • Бүгін, 12:43

Жұмыс тобы Парламенттің трансформациясы бойынша конституциялық өзгерістердің айтарлықтай көлемін әзірледі

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Жұмыс тобымен бірге конституциялық реформаға қатысты негізгі тәсілдерді талқылады. Жиында қоғам тарапынан түскен ұсыныстардың сипаты, оларды жинақтау және талдау барысы сөз болды, деп жазады Egemen.kz.

Жұмыс тобы Парламенттің трансформациясы бойынша конституциялық өзгерістердің айтарлықтай көлемін әзірледі

Кездесу барысында Парламентаризм институтының директоры Наталья Пан азаматтардан, сарапшылардан және қоғамдық бірлестіктерден e-Otinish пен eGov электронды платформалары арқылы жолданған ұсыныстар жөнінде баяндама жасады. Оның айтуынша, бастамалар елдегі саяси жүйені жаңғыртуға, мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіруге және билік пен қоғам арасындағы байланысты күшейтуге бағытталған.

Парламент қалай өзгереді? Президент Жұмыс тобымен бірге конституциялық реформаға қатысты негізгі тәсілдерді талқылады

Бірнеше айдың ішінде конституциялық реформаға қатысты барлық саяси партиялар, ондаған үкіметтік емес ұйым, бизнес-қоғамдастық өкілдері, құқықтанушы ғалымдар мен салалық сарапшылар өз көзқарасы мен нақты ұсыныстарын ұсынған. Ұсыныстардың бір бөлігі Парламенттің рөлін күшейтуге, өкілеттіктерді қайта бөлуге және саяси институттардың тиімділігін арттыруға қатысты.

Ұлттық құрылтайдың V отырысы: Қандай мәселелер талқыланады?

Парламенттік реформадан бөлек, Жұмыс тобына азаматтардан мемлекеттік құрылымның жалпы мәселелері, сондай-ақ саяси және қоғамдық институттарды дамыту жолдары жөнінде шамамен 1,6 мың ұсыныс келіп түскен. Бұл бастамалар алдағы реформалардың мазмұнын айқындауда ескерілетіні атап өтілді.

 

Соңғы жаңалықтар