# Реформа
Реформа • 11 Наурыз, 2026
Мәжіліс төрағасы Париждегі бүкіләлемдік саммитке қатысты
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан делегациясы Парижде Ядролық энергетика жөніндегі екінші халықаралық саммитке қатысты.
Саясат • 11 Наурыз, 2026
Ұлытау жұртшылығы конституциялық реформаны қолдады
«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесті. Делегацияны Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап барды. Кездесуге депутаттар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері, қоғам қайраткерлері, заңгерлер, білім беру саласының мамандары және өңір тұрғындары қатысты.
Реформа • 05 Наурыз, 2026
Әскери қызметшілерге конституциялық реформа таныстырылды
Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде еліміздің жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған кездесу өтті. Басқосуға мерзімді әскери қызмет сарбаздары, сержанттар, офицерлер және бөлімнің басшылық құрамы қатысты.
Саясат • 25 Ақпан, 2026
Әділетті Қазақстанның конституциялық көрінісі
Елімізде жаңа Конституция жобасы кеңінен талқыланып жатыр. Бұл ретте түбегейлі өзгерген жаңа Ата заңды әділетті Қазақстанды құру жолындағы қоғамдық келісімнің көрінісі деп атауға болады. Елдің саяси архитектурасын өзгертетін бұл «қайта жүктеу» тәуелсіздігімізді тұғырлы ете түседі деген сенімдеміз.
Реформа • 22 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция жобасында адвокатура мәртебесінің бекітілуі қандай маңызға ие?
Елімізде жаңа Ата заң жобасы ресми түрде жарияланды. Басты құжат жобасының сегізінші бөлімі «Сот төрелігі. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері» деп аталып, осы бөлімге жаңа 86-бап енгізілді. Аталған бапта адвокатура институты алғаш рет конституциялық деңгейде айқындалып отыр. Бұл өзгеріс мазмұндық әрі құқықтық негіз тұрғысынан ерекше маңызға ие. Себебі бұған дейін адвокатураның мәртебесі салалық заңмен ғана реттеліп келсе, енді ол құқықтық мемлекет жүйесінің ажырамас институты ретінде негізгі заңда айқын көрініс тапты. Мамандар бұл бастаманы тарихи маңызы бар шешім деп бағалап отыр. Астана қаласының адвокаттар алқасының адвокаты Бақыт Нұрлықұлдың айтуынша, жаңа норма адвокатураның қоғамдағы рөлін тереңірек түсінуге, оның сот төрелігі жүйесіндегі теңгеруші институт ретіндегі орнын айқындауға мүмкіндік бермек, деп жазады Egemen.kz.
Реформа • 21 Ақпан, 2026
Адам капиталы – Конституция жобасының басымдығы
Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың роботтехника орталығы алаңында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері белсенді жастармен және IT саласының өкілдерімен кездесті. Жиынға делегацияны Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап келді. Оған Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев, Конституциялық комиссия өкілдері, қоғамдық институттар мен білім беру саласының басшылары, сарапшылар мен ғалымдар қатысты. Кездесуге студенттер, жас зерттеушілер және қалалық IT-бастамалардың қатысушылары жиналды.
Реформа • 21 Ақпан, 2026
Жауапкершіліктің айқын көрінісі
Қызылордадағы Достық үйінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Халықтық Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында сарапшылар кездесуі өтті. Оған мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының, басқармалар мен аумақтық департаменттер басшылары, бизнес қауымдастығының өкілдері, саяси партия жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар, Ассамблея мүшелері мен жастар қатысты.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2026
Жамбыл облысында Конституциялық реформаның саяси жаңғырудағы рөлі талқыланды
Бүгін Тараз қаласында «Ауыл» партиясы Жамбыл облыстық филиалының мүшелері арасында «Конституциялық реформа – саяси жаңғыру факторы» тақырыбында пікірталас өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе ретінде жаңа Конституция жобасы бойынша алдағы референдумды өткізу мәселесін талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Реформа • 20 Ақпан, 2026
Алматы жастары мен IT қауымдастық конституциялық реформаны қолдайды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы робототехника орталығының алаңында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері белсенді жастармен және IT саласының өкілдерімен кездесті. Делегацияны Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап келді, деп жазады Egemen.kz.
Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта ел чемпионы атанды
Күрес • Кеше
Елімізде 30 елді мекенді су басу қаупі бар
Су тасқыны • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде тұман түседі
Ауа райы • Кеше
Әкімдер қызметі қандай көрсеткішпен өлшенуі керек?
Экономика • Кеше
Шекара қызметінің сарбаздары үйлеріне орала бастады
Әскер • Кеше
Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
Қоғам • Кеше