Модератор ретінде «Ауыл» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары Айгерім Сарсенбаева сөз сөйлеп, конституциялық жобаны талқылау барысында пікір алмасуға және ортақ шешімдер әзірлеуге баса назар аудару қажеттігін атап өтті.
Отырысты ашқан заңгер, Парламент Мәжілісіндегі «Ауыл» партиясы фракциясы аппаратының жетекшісі Жазира Сұлтанқұлова демократиялық институттарды дамыту тек заңнаманы жетілдірумен шектелмейтінін, сонымен қатар қоғам мүшелерінің еркін пікір білдіруіне жағдай жасаумен тікелей байланысты екенін айтты.
Алматы жастары мен IT қауымдастық конституциялық реформаны қолдайды

Саясаттанушы Даурен Пірімбетов реформаларды табысты жүзеге асыруда қоғам белсенділігі шешуші рөл атқаратынын, ал азаматтық бірлестіктер мен сарапшылардың қатысуы халық мүддесін барынша дәл жеткізуге мүмкіндік беретінін жеткізді.
Сонымен қатар іс-шараға Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Экономика және бизнес» факультетінің деканы Жарас Қуатбеков, Парламент Мәжілісіндегі «Ауыл» партиясы фракциясы аппараты басшысының орынбасары Аида Жабағиева қатысып, өз пікірлерін білдірді.
Баяндамалардан кейін қарастырылып отырған тақырып бойынша пікір алмасуға бағытталған талқылау сессиясы өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ортақ тұжырымға келді: жаңа Конституция – қауіпсіз, әділетті және тұрақты дамитын мемлекеттің берік іргетасын қалауға мүмкіндік беретін стратегиялық таңдау.