Құрылтай • 20 Қаңтар, 2026

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бос қиял мен құрғақ уәделерге қарсымын

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Болашақты бағдарлап, жоспар түзгенде өмірдің нақты шындығына сүйену қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бос қиял мен құрғақ уәделерге қарсымын

Мемлекет басшысының Ұлытауда өткен құрылтайынан алынған кадр

«Кез-келген мемлекеттің күші – халықта. Азаматтарымыздың жасампаздық қуатының арқасында еліміз кез келген кедергі мен тосқауылға қарсы тұрып, орасан зор табысқа жетеріне кәміл сенемін. Өздеріңіз білесіздер, мен түрлі жоспарлар құрып, стратегиялар жасауды құптай бермеймін. Себебі, бос қиялға беріліп, құрғақ уәде беруге түбегейлі қарсымын. Болашаққа бағдар жасап, жоспар құрғанда өмірге шынайы көзқараспен қараған жөн деп санаймын», деді Президент.

Сонымен қатар Президент неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыдан бекіту туралы ойын айтты.

Кісі қолынан қаза тапқан Нұрайдың басында болған жағдайға да аса мән берді.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Арал теңізі мәселесіне қатысты пікір білдіріп, оны сақтау бүкіл адамзат үшін өзекті міндет екенін айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар