Қоғам • Кеше

30 кітап оқыған жан – миллионер!

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысындағы Қазталов ауданы үш жыл қатарынан ұйымдастырып келе жатқан оқушылардың «Мен оқыған 30 кітап» байқауы республикалық деңгейге шықты.

30 кітап оқыған жан – миллионер!

Бәрі 2024 жылы Аты­рауда өткен Ұлт­тық құрылтайда Мем­лекет басшысының «кітап оқи­тын ұлт» қалыптастыру туралы ұсынысынан басталған еді. Қасым-Жомарт Кемелұлының «Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мә­де­ниетін қоғамда барынша ор­нықтыруымыз керек», деген сөзі Қазталов ауданында да халық қолдауына ие болды. Аудан әкімі Асланбек Сарқұловтың баста­масымен мектеп оқушылары арасында «Мен оқыған 30 кітап» жобасы ұйымдастырылды.

Әуелі аудандық деңгейде өткен рухани жоба былтыр облыстық деңгейге кө­терілді. Сөйтіп, бас жүлдені шыңғырлаулық Айзере Жауым­бай жеңіп алып, 300 мың теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Жеңім­паздың құрметіне биыл бай­қаудың облыстық кезеңі Шың­ғырлау ауданында өтеді. Ал «Мен оқыған 30 кітап» І рес­публикалық байқауы Қаз­таловта қорытындыланбақ.

Жақында осы байқаудың республикалық кезеңінің таныстырылымы өтті. Айтулы шараға ақын, «Парасат» ор­денінің иегері, Мәдениет және білім беру саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазталов ауданының Құр­метті азаматы, Жазушылар одағының БҚО филиалының жетекшісі Дариға Мұштанова, «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының кеңесшісі Тоқтар Кенжеғалиев, зиялы қауым өкілдері қатысты.

ап

– Мемлекет басшысының тап­сырмасына сәйкес қоғам­да кітап оқу мәдениетін қалып­тастыру мақсатында ауданымызда жас буынның зейінін арттыру, саналы ұрпақ тәрбиелеуде осы байқауды жыл сайын ұйымдастырып, биыл тіпті ауқымын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Биыл байқаудың республикалық кезең жеңімпазына 1 млн теңге қаржылай сыйақы беріледі, – деді өз сөзінде аудан әкімі.

Игі бастаманы Оқу-ағарту министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Батыс Қа­зақстан облысы әкімдігі, «amanat» партиясы, «Adyrna» ұлттық порталы қолдап отыр.

Айта кетейік, былтыр рухани байқаудың облыстық кезеңіне Теректі, Тасқала, Қара­төбе, Жәнібек, Бөкей Орда, Шың­ғырлау, Жаңақала, Бәй­терек, Ақжайық, Қазталов аудан­дары мен Орал қаласынан 15 оқушы қатысқан еді.

 

Батыс Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Жоғалған шопан табылды

Оқиға • 20 Қаңтар, 2026