Үкімет • 21 Қаңтар, 2026

5 жыл ішінде Солтүстік Аралдың көлемі қаншалықты ұлғаяды?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Арал теңізінің ауданын 34 км³ дейін, ал оның аумағын 4-5 жыл ішінде 3 913 км² дейін жеткізу жоспарланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

5 жыл ішінде Солтүстік Аралдың көлемі қаншалықты ұлғаяды?

Президенттің Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау шеңберінде теңізді сақтау жөніндегі шаралар туралы Үкімет отырысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов баяндады.

Оның айтуынша, су аз болған кезде де тұрақты су ағынын қамтамасыз ету туралы Өзбекстанмен Республикасымен келісімге қол қойылған. Солтүстік Аралдың көлемі 2023 жылдың басындағы 18,4 млрд текше метрден қазіргі уақытта 23 млрд текше метрге дейін ұлғайды.

Көкарал бөгетін реконструкциялау және су деңгейін 44 метрге дейін көтеруді қамтитын теңізді сақтау жөніндегі жобаның екінші кезеңін әзірлеу аяқтау сатысында тұр.

Олжас Бектенов: Әрбір министр мен әкімнен, әрбір сала мен өңірде көзге көрінетіндей нақты нәтижелер керек

Түркістан және Қызылорда облыстарындағы суару жүйелерін жаңғырту және автоматтандыру бойынша 167 жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Су үнемдеу технологиялары 143,1 мың гектар жерге енгізілді, бұл шамамен 500 млн текше метр су үнемдеуге мүмкіндік берді.

«Солтүстік Арал теңізін сақтау және қалпына келтіру біз үшін тек экологиялық қана емес, әлеуметтік және стратегиялық міндет болып саналады. Үнемделген су ресурстарының бір бөлігін экожүйелерді қолдауға бағыттау – өңірдің тұрақтылығына, халық денсаулығына және келесі ұрпақтардың болашағына қосылған үлес», деп атап өтті министр.

Президент: Арал теңізін құтқару адамзат үшін өзекті мәселе болып қала береді

Соңғы жаңалықтар

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20