24 Наурыз, 2015

Ресейге Үндістаннан буйволдың еті келе бастады

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23-03-15-buivol-1

АСТАНА. 24 наурыз. Үндістан бұдан бұрын жасалған келісім бойынша Ресейге буйвол етін экспортқа шығара бастады. Бұл туралы «Россельхознадзор» мәліметіне сүйенген Lenta.Ru хабарлады. Өнім үндінің Ресей Федерациясына эскпорт шығаруға рұқсаты бар Frigerio Conserva Allana Private Limited және Fair Exports (India) Pvt. Ltd атты төрт кәсіпорнынан келіп жатыр. Қазір Ресей территориясына жалпы салмағы 409 тонна болатын буйвол еті 16 контейнермен келіп түсті. «Россельхознадзор» Үндістанға буйвол етін әкелуге 2014 жылғы желтоқсанда рұқсат берген болатын. Ведомство сондай-ақ Ираннан келетін қара уылдырықтың да жолы ашылғанын жария етті. Осыған байланысты санитарлық-гигиеналық сертификаттарды Иранның 18 кәсіпорны алып отыр. Ресей бұдан бөлек, өткен жылғы 9 қазанда Филиппинның Coral Agri-ventures Farm компаниясына мұздатылған қолтырауын етін әкелуге де келісім берген болатын. РФ мұндай қадамға 2014 жылғы тамыз айында Еуроодақ елдерінен, Австралиядан, Канададан, Норвегия мен АҚШ-тан ет өнімдерінің, көкөніс пен жеміс-жидектің, теңіз өнімдері мен салқындатылған балықтардың, сүт және сүт өнімдерінің әкелуіне тыйым салғаннан кейін барды. Эмбарго аталған елдердің Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайларға байланысты енгізген санкцияларына жауап ретінде салынды. Мұрат Айтқожа.