АСТАНА. 24 наурыз. Осыдан 22 жыл бұрын өз баласын өлтірді деп айып тағылып, қамауға алынған Дебра Мильке есімді Аризона штатының тұрғыны бостандыққа шықты. Бұл туралы anspress.com хабарлады.
Хабарламада көрсетілгендей, 1989 жылдың соңында әлгі әйелдің баласын екі ер адам –Джеймс Стайерс пен Роджер Скотт ұрлап әкетіп, Финикс қаласының маңында өлтірген. Содан, тергеу-тексеру барысында Мильке қамауға алынады. Өйткені, құқық қорғау орындары тарапынан оған өз баласын өлтіруге тапсырыс берді деген жала жабылған. Дәлірегі, тергеуші Армандо Сальдате айыпталушы баласының ажырасқан күйеуімен қалуын жаратпағандықтан, осындай әрекетке барған деген ұйғарымға келген.
Сондай-ақ, сот баланы өлтірген екеудің бала қазасына Милькенің еш қатысы жоқ екенін айтқанына құлақ аспаған. Бұған қосымша, тергеуші әлгі әйелден жауап алған кезде заңсыздыққа жол берген. Өйткені, тергеу амалдары барысында жазықсыз әйел ауруханада ауыр халде төсек тартып жатыпты.
Қорыта айтқанда, соңғы сот үкімі бойынша Милькенің жазықсыз екені дәлелденген. Осылайша, өмірінің 22 жылға жуық бөлігін түрмеде өлім сәтін күтіп өткізген әйел 51 жасында ақталып шықты. 20 жылдан астам уақытын абақтыда өлім жазасын күтумен өткізген 51 жастағы әйел бостандыққа шықты. Ол түрмеден босатылған сәтте: «Өзімді жақсы сезініп тұрмын» депті.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: anspress.com.
• 24 Наурыз, 2015
АҚШ-та 22 жыл өлім жазасын күткен әйел ақталып шықты

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:24
Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше