Қоғам • 23 Қаңтар, 2026

Өткен жылы елімізде қанша көлік сатылды?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылы Қазақстанда 234 852 автокөлік сатылды. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 14,4%-ға жоғары әрі ел тарихындағы жаңа рекорд ретінде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен жылы елімізде қанша көлік сатылды?

«Қазақстанның Автокөлік Одағының» дерегіне сүйенсек, елімізде жаңа автокөліктердің сатылымы екінші жыл қатарынан 200 мың бірліктен асып отыр.

Өткен жылдың желтоқсан айы да айлық сатылым бойынша рекорд жаңартты. 2025 жылдың соңғы айында 27,5 мың автокөлік сатылған.

Көлік көбейген сайын қауіп күшейіп барады

Ел тұрғындарының таңдауына келсек, брендтер арасындағы бәсекеде Hyundai маркасы нарықтың 21,7%-ын иемденіп, көш басында тұр. Одан кейін:

  • Chevrolet – 16,6%;
  • Kia – 10%;
  • Chery – 6,2%;
  • Jetour – 6,2%;
  • Haval – 5%;
  • Toyota – 4,8%;
  • Changan – 4,8%;
  • JAC – 4,4%;
  • Geely – 4,1%.

Жалпы сатылымның кемінде 35%-ы қытайлық брендтердің үлесіне тиесілі болды.

Енді автокөлік жуу орындары жаңа талап бойынша жұмыс істейді

Соңғы жаңалықтар