АСТАНА. 25 наурыз. Үй жануарларын емдейтін Нью-Йорк қаласының солтүстігіндегі Woodstock Farm Animal Sanctuary атты құрылымда алдыңғы екі аяғын баса алмайтын сиырға протез салынды. Бұл туралы vesti.ru хабарлады. Қазіргі таңда әлгі жасанды аяқты сиыр туралы түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілер арқылы жаһанға жайылып кетті. Бұл көрсетілімді қызыға тамашалағандардың есебі жоқ. Тың «туындыны» YouTube желісіне Woodstock Farm Animal Sanctuary мекемесі орналастырыпты. Сиыр алғашқыда жасанды аяқпен кібіртіктеп жүре алмайды. Дегенмен, сапалы әрі ыңғайлы жасалған протезге жануар үйреніп қалған. Оған жасанды аяқты күніне 2 сағат кигізеді екен. Фаун деп аталатын бұл сиыр енесінен туған сәттен алдыңғы екі аяғын баса алмапты. Енді міне, жануарларды қорғаушылар оған төрт аяқтап жүруге мүмкіндік беріп отыр. Жалпы, жүріп-тұру мүмкіндігі жоқ немесе оқыстан қиындыққа тап болған жануарларға адамдардың көңіл аударып, көмек қолын созуы көп кездеседі. Адамзат мейірімінің нәтижесінде тіршілігін қалыпты күйде жалғастырған мақұлықтар туралы мысалдар көп. Мәселен, Таиландта минаға түсіп қалып, аяғынан айырылған аналық пілге мал дәрігерлері протез жасап берген. Содан, әлгі піл жасанды аяқты жатырқамастан, оған тез үйреніп, кәдімгідей жүріп кеткен көрінеді. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: vesti.ru. https://youtu.be/LsGtMqVk8Xs
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:24
Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше