Пікір • Кеше

М.Магеррамов: «Заң мен Тәртіп» – әділетті қоғамның берік тұғыры

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында Қазақстан Халық партиясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бастамаларды талқылауға  белсенді қатысып жатқанын мәлімдеді. Партия өкілі Магеррам Магеррамов Ата заңға өзгерістер енгізу ел дамуы үшін тарихи маңызы бар үдеріс екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

М.Магеррамов: «Заң мен Тәртіп» – әділетті қоғамның берік тұғыры

Фото: Мәжіліс (архив)

Оның айтуынша, елді жаңғыртудың түйінді бағыттарының бірі – пропорционалды негізде құрылатын бір палаталы парламент қалыптастыру жөніндегі ұсыныс. Халық партиясы бұл қадам саяси бәсекені күшейтіп, партиялардың мемлекеттік саясатты қалыптастырудағы рөлін арттырады деп есептейді.

«Бір палаталы парламентте пропорционалды сайлау жүйесі – бұл, сөзсіз, саяси партияларды нығайту, олардың мемлекеттік саясатқа ықпалын арттыру. Көппартиялық өкілдік – демократияның көрсеткіші және саяси жүйенің тұрақтылығының негізі», деді Магеррам Магеррамов.

Нұрлан Бекназаров: Құрылтайдың келісімінсіз депутатты жауапкершілікке тартуға болмайды

Партия өкілінің пікірінше, жаңа парламенттік модель заң шығарушы биліктің салмағын арттырып, шешім қабылдау үдерісінің тиімділігін күшейтеді. Бұл өз кезегінде саяси жүйенің орнықтылығына қызмет етеді. Сонымен бірге Конституцияда «Заң мен Тәртіп» қағидатын бекіту азаматтардың құқықтары мен міндеттері арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Заң тәртіпсіз күшін жоғалтады, ал заңсыз тәртіп озбырлыққа айналады. Сондықтан «Заң мен Тәртіп» – әділетті қоғамның ажырамас құрамдас бөліктері және азаматтардың қауіпсіздігі мен еркіндігінің кепілі», деді ол.

Елнұр Бейсенбаев: Конституциялық реформа саяси партиялардың институционалдық рөлін арттырады

Магеррам Магеррамов сөз соңында ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер тиімді әрі жауапты парламент құруға жол ашатынына сенім білдірді. Оның пайымдауынша, бұл реформалар қоғамдық дамудың негізгі қозғаушы күшіне айналып, Әділетті Қазақстанды қалыптастыруға берік негіз қалайды.

Серік Егізбаев экологиялық құндылықтарды Ата заңда ұлттық басымдық деп бекітуді ұсынды

Соңғы жаңалықтар