АСТАНА. 25 маусым. Ажырасқаннан кейін мүлкін екіге бөлген немістің оқиғасы өтірік болып шықты. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.
Осыған дейін ерлі-зайыптылардың ажырасқаннан кейін күйеуі барлық мүлікті екіге бөліп, өзіне тиесілі бөлігін eBay интернет-аукционындағы парақшасына сатылымға қойғаны, ал қалған бөлігін бұрынғы ғашығына жолдағанын. BBC хабарлаған болатын. Алайда, елді елең еткізген оқиға ойдан шығарылғаны анықталды.
Шын мәнінде жүрегі жараланған жігіттің автомобильді, телефонды, төсек орнын және тағы да басқа заттарды қақ бөліп жатқан сәті көрсетілген видеоролик неміс адвокаттар ассоциациясы үшін арнайы түсірілген.
«Мұндағы идея - Германияда ғана емес, сонымен қатар барлық елде ушығып тұрған мәселеге әзілмен назар аударту. Көптеген жұп ажырасуда қажетті шараларды қабылдамайды. Сондықтан ажырасқандардың жағдайы дұрыс жолмен шешілмейді», – делінген Deutsche Anwaltauskunft сайтында жарияланған хабарламада.
BBC таратқан мәліметте мүлкін қақ бөлген немістің оқиғасын АҚШ-тың Mashable және Fox News беделді ақпарат құралдары, Ресейдің RT телеарнасы және Иранның Press TV сияқты ірі ақпарат құралдары хабарлаған. Ал «Лаураға» деген атпен YouTube ресурсына шыққан видео 6 миллионнан астам рет көрілген.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: tengrinews.kz.
• 25 Маусым, 2015
Германияда мүліктерді қақ бөлген азаматтың әрекеті өтірік болып шықты

Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Кеше
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Кеше
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Кеше