Сурет ашық дереккөзден алынды
Жас ғалым 2012 жылы небәрі 30 жасында Тянь-Шань тауында қайтыс болған. Соған қарамастан, еңбектері бүгінге дейін халықаралық ғылыми ортада қолданылып келеді. Оның Хирш индексі – 26. Бұл көрсеткіш ғалым еңбектеріне басқа зерттеушілер қаншалықты жиі сілтеме жасайтынын білдіреді. Яғни оның зерттеулері ғылымға нақты пайда әкеліп, өзге жұмыстарға негіз болған. Мұндай деңгейге көпжылдық тәжірибесі бар профессорлардың өзі әрдайым жете бермейді. Ә. Имамбековтің зерттеулері өткізгіштік, кванттық есептеу және жаңа буын электроникасы сияқты болашақ технологиялардың теориялық негізін түсіндіруге көмектеседі.