Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Су телеграфы

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ежелгі гректер алыс жерге хабар жеткізу үшін су телеграфы деп аталатын тәсілді қолданған. Бұл – жарық белгісі мен су деңгейіне негізделген ерекше жүйе.

Су телеграфы

Сурет ашық дереккөзден алынды

Хабар алмасу түнде жүргізілген. Алдымен бір адам алау жағып көтереді. Қарсы беттегі адам да алау жағып, дайын екенін білдіреді. Осыдан кейін бірінші адам алауын түсіріп, ішіне су толтырылған, қабырғасына 24 белгі қойылған ыдыстың шүмегін ашады. Су белгілі бір белгіге дейін төмендеген кезде алауды қайта көтереді. Қарсы жақ та дәл осы әрекеттерді қайталайды. Соның нәтижесінде екі ыдыстағы су деңгейі бірдей белгіге тоқтайды. Бұл – хабар қабылданды деген сөз. Су телеграфы арқылы кез келген мәтінді жіберуге мүмкіндік болған.

 

Соңғы жаңалықтар