ТАЛДЫҚОРҒАН. Алматы облысының Панфилов аудандық соты қызметте отырып пара алған С.Қанапияновтың ісі бойынша үкім шығарды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
С.Қанапиянов Алматы облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің «Қорғас» кеденінде бақылау бөлімінің жетекші маманы болып қызмет атқарған. «Жүкті шекарадан өткізуге кедендік бақылау жүргізу жөніндегі өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланып, Е.Әбдібатыров арқылы И.Шишинадан 30 000 теңге ақша алып, пара берушінің пайдасына Қытайдан Қазақстанға әкелінген нормадан тыс тауарды кедендік төлемдер мен салықтарды төлеткізбей өткізуге жол берген», – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Ол ҚР ҚК 2-бөлімі 311-бабымен айыпталып, 5 жылға бас бостандығынан айыруға және 5 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару және кеден органдарында лауазымдарды иелену құқығынан айыруға, мүлкі тәркіленіп, жазасын жалпы режимдегі түзету колониясында өтеуге сотталды.
Нұрбол Әлдібаев.
Дерек: ҚазАқпарат.
Сурет: gazeta.kz.
• 26 Наурыз, 2015
Алматы облысында пара алған кеденшінің басы бәлеге қалды

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше