АҚТӨБЕ. 13 тамыз. «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалында Қазақстан Републикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған конференция өткізілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Облыстық мәслихат пен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы бірлесіп ұйымдастырған конференцияға елімізге танымал қоғам қайраткерлері, облыстың құрметті азаматтары, облыстық мәслихаттың бірінші және бесінші шақырылымдарының депутаттары, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, сайлау комиссияларының төрағалары, сот, прокуратура және әділет органдарының, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Алқалы саяси жиынның шымылдығы «Қазақстан-Ақтөбе» телекомпаниясының Конституцияның 20 жылдығына арнап түсірген бейнефильмінің көрсетілімімен ашылды. Жиын басында облыстық мәслихаттыңи хатшысы Сәния Қалдығұлова сөз сөйлеп, Ата Заңымыздың айшықты қағидаттарына назар аударды. Ол біздің елімізде көп ұлттылық және ұлтаралық келісімге басымдылық берілетініне, 20 жыл бойы ұстанып келе жатқан Конституциямыздың бұл қағидаттың тиімді атқарылуына қызмет етіп келе жатқанына тоқталды.
Парламент Мәжілісінің екінші және үшінші шақырылымдарының депутаты, философия ғылымдарының докторы Амангелді Айталы «Конституция – Қазақстанның негізгі заңы» деген тақырыпта баяндама жасады. Ол мемлекет саясатының түп қазығы Ата Заң екеніне назар аудара келіп, еліміздегі Конституцияның қалыптасу жолдарын саралай әңгімеледі.
Ел егемендігінің, мемлекет тәуелсіздігінің берік тұғыры – Ата Заңымыз туралы тарих ғылымдарының докторы Нұртаза Абдоллаев, мәдениет қайраткері Еркін Құманбаеков толымды пікірлер айтып, тарих көшіндегі Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздеріміздің маңызын аша түсті.
Конференция барысында айтулы датаға орай, еліміздің конституциялық негізінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқаны және еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі игілікті істері және белсенділіктері үшін бір топ ақтөбеліктерге «Қазақстан мәслихатына –
20 жыл» мерекелік медалі мен облыстық мәслихатттың Алғыс хаттары тапсырылды.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Дубайда өмірлік жазаға тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңдарға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00