АТЫРАУ. 13 тамыз. Атырау облысында полиция қызметкері адам өлтіру күдігімен қамауға алынды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ішкі істер басқармасына жергілікті азамат туысының із-түссіз жоғалғаны туралы шағымданған. «Өзбекстан Республикасының 1987 жылы туған азаматы, үй иелері демалысқа кеткенде осында тұрып қалған. Арызданушының айтуынша, тамыздың 5-нен бастап туысының телефоны өшірулі, байланыс болмаған. Пәтер құлпы бұзылмаған, бірақ ішінде ақшасы мен алтын бұйымдар сақталған темір жәшік болмай шыққан. Жедел уәкілдермен жоғалған азаматты іздестіру барысында бұл қылмысқа полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпарат алынды», – деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.
Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасарының жетекшілігімен құрамында өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері бар жедел тергеу-іздестіру тобы құрылып, қылмысқа күдікті 1989 жылы туған Өзбекстан азаматы ұсталып, одан айғақ заттар, алтын бұйымдар табылып, тәркіленді.
Сонымен бірге, осы қылмысқа күдікті 1993 жылы туған полиция қызметкері де анықталып, ұсталды. Іздестіру шараларының нәтижесінде қаладан 33 шақырым қашықтағы Атырау-Индер тас жолының Алға ауылы тұсында, далада көміліп тасталған жәбірленушінің денесі табылып алынды.
Қазір күдікті екеу, бірі – полиция қызметкері, екіншісі – Өзбекстан Республикасының азаматы уақытша оқшаулау орнына қамауға алынды. Оларға Қылмыстық кодекстің үш бірдей бабымен, атап айтқанда, 125-бап «(Адам ұрлау), 192-бап (Қарақшылық) және 99-бап (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: azh.kz.
• 13 Тамыз, 2015
Атырауда полиция қызметкері адам өлтіру күдігімен қамалды

Дубайда өмірлік жазаға тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңдарға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00