Аймақтар • Бүгін, 16:07

Қонаевта алдағы күндері жел қайта күшеюі мүмкін

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қонаев қаласында коммуналдық және жедел қызмет мамандары жойқын желдің салдарын жою үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қалпына келтіру шаралары толықтай қала әкімдігінің есебінен жүзеге асырылады, деп жазады Egemen.kz.

Қонаевта алдағы күндері жел қайта күшеюі мүмкін

Еске сала кетейік, Қонаев қаласында жылдамдығы секундына 27 метр боран соғып, тұрғын үйлердің шатыры ұшып, инженерлік желілер зақымданған. Қазіргі таңда ақаулар толықтай қалпына келтірілді. Апат салдарын жоюға 300-ден астам адам мен 60-тан аса арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар жедел штаб құрылды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шамамен 30 тұрғын үйдің шатырына зақым келген. Аумақтарды тазалау жұмыстары аяқталып, қалпына келтіру шаралары жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр.

1

Қонаев қаласында төтенше жағдай режимі жарияланды

Пәтер иелері кооперативтері қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен бірлесіп, шатырларды және инфрақұрылым нысандарын жөндеуге атсалысып отыр.

«Қала аумағында қатты жел түні бойы соғып, түске дейін сақталды. Табиғи құбылыстың салдарынан зардап шеккендер жоқ, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп тіркелмеді. Жедел штаб құрылып, барлық қызметтер жұмыс істеуде. Тұрғындардан түскен барлық өтінімдер бақылауда, бірде-бір мекенжай назардан тыс қалмайды. Қала тұрғындарын ауа райы болжамдары мен Құтқару қызметінің ескертулерін қадағалауға шақырамыз», деді Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов.

Құтқару қызметі алдағы күндері желдің екпіні секундына 17-22 метрге дейін күшеюі мүмкін екенін ескертіп, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды.

 

Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар