26 Наурыз, 2015

Бостон оқиғасы: Царнаев пен Қадырбаевтың диалогы жарияланды

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26-03-2015-Boston 01

АСТАНА. 26 наурыз. АҚШ-тың Бостон қаласында болған лаңкестік оқиғаға қатысты сот отырысында басты күдікті Джохар Царнаев пен оның колледжде бірге оқыған досы, Қазақстан азаматы Диас Қадырбаевтың телефон хабарламасы арқылы сөйлескен әңгімесі жарияланды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады. Әңгіме желісі төмендегідей өрбіген: Қадырбаев: Сен жаңалықтарды көрдің бе? Царнаев: Иә, бауырым, көрдім. Қадырбаев: Бұл рас па? Царнаев: Мен жаңалықтарды көрдім... Енді маған жазба, менің досым ЛОЛ. Қадырбаев: Сен ол жерден өзіңді көрдің бе? Царнаев: Егер қаласаң, менің бөлмеме кіріп, ол жерден кез келген нәрсені алуыңа болады. Салам алейкум )). Прокурордың айтуынша, хабарлама Царнаевтың телефонынан лаңкестіктен кейін үш күн өткен соң жіберілген. Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 15 сәуірінде дәстүрлі Бостон марафоны кезінде жарылыс болып, 3 адам қаза тапты. Сондай-ақ, тағы 264 адам жарақат алды. АҚШ-тың арнайы қызметі басты күдікті ретінде ағайынды Тамерлан және Джохар Царнаевтарды атады. Күдіктілерді құрықтау кезінде қарсылық танытқан Тамерлан мерт болды. Джохар бүгінде қамауда отыр. Ал Қазақстан азаматы Диас Қадырбаевқа айғақ заттарды жойды деген айып тағылуда. Бұл үшін отандасымыз 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Еламан Қоңыр. Дерек: zakon.kz. Сурет: azattyq.org.
Соңғы жаңалықтар

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • Кеше