Жаңа кешенді Sary-Arka Copper Processing компаниясы салған. Нысан жабдықталу сапасы бойынша қалалық спорт кешендерінен кем түспейді.
Кешенде әмбебап спорт залы, тренажер залы, жекпе-жек және күштік жаттығулар залдары бар. Мұнда жаттығулармен қатар жарыстар өткізуге мүмкіндік жасалған.
Жаңа нысан ауыл жастарының спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасап, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге жол ашады.