Университет • Бүгін, 12:09

ҚазҰУ мен Сингапур технологиялық альянс құрды

20 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Farabi Hub инновациялық өнімдер және жоғары технологиялық жобалар орталығында Қазақстан-Сингапур кванттық технологиялар орталығы салтанатты түрде ашылды. ASTRASEC PTE. LTD (Сингапур) компаниясы мен «Qubitera» ЖШС серіктестігі негізінде жүзеге асқан жоба ұлттық кванттық экожүйені қалыптастыруға серпін бермек, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚазҰУ мен Сингапур технологиялық альянс құрды

Фото: Ғылым жәнен жоғары білім министрлігі

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, жаңа орталық іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуге, зерттеушілер мен инженерлерді, технологиялық кәсіпкерлерді даярлауға, кванттық қорғалған байланыс пен есептеу шешімдерін дамытуға бағытталған. Сонымен қатар озық халықаралық тәжірибені енгізу, бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жобаларды іске асыру, технологиялық стартаптарды қолдау да басым міндеттердің қатарында тұр.

Алғашқы кезеңде заманауи фотондық жүйелермен жабдықталған кванттық криптография және кванттық байланыс зертханасы іске қосылды. Оқу-тәжірибелік инфрақұрылым ғылыми ізденістер жүргізуге және мамандарды тәжірибелік тұрғыда даярлауға мүмкіндік береді.

Шығыс Қазақстан техникалық университеті Horizon Europe жеңімпазы атанды

Салтанатты жиында сөз сөйлеген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек аталған жобаның ғылым мен жоғары білімді дамыту, цифрлық және технологиялық қауіпсіздікті нығайту, инновациялық экономиканы ілгерілету және стратегиялық салаларға білікті кадр даярлау бағытындағы мемлекеттік басымдықтарға сай келетінін атап өтті.

«Бүгінде әлем кванттық революцияның қарсаңында тұр. Оның маңыздылығы – дәстүрлі кремний технологияларына негізделген заманауи цифрлық, коммуникациялық және есептеу жүйелерінің әлеуеті өзінің шарықтау шегіне жеткенінде тұр. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасындағы бұл орталық еліміздің ғылымы мен экономикасын дамытуға жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», деді министр.

Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Smart-аудитория ашылды

ҚазҰУ Басқарма төрағасы – ректор Жансейіт Түймебаев ғылым мен бизнестің ықпалдасуы стратегиялық маңызға ие екенін айтты. Оның сөзінше, университет жаһандық инновациялар тоғысатын орталыққа айналып келеді.

«Жаңа орталықтың құрылуы – ҚазҰУ-ды әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналдыру стратегиясын іске асырудағы маңызды қадам. Біз болашақ технологияларын жасау үшін қуатты академиялық әлеуетті сингапурлық серіктестердің озық тәжірибесімен біріктіреміз. Қазақстан мен Сингапурдың кванттық саладағы ынтымақтастығы синергетикалық әсер береді», деді ректор.

gov.kz

ASTRASEC PTE. LTD компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы кванттық зерттеулерді дамыту Қазақстан үшін стратегиялық қажеттілік екенін атап өтті.

«Кванттық зерттеулерді дамыту – Қазақстан үшін стратегиялық қажеттілік. Жаңа буын кванттық технологияларына ие елдер ақпараттық қауіпсіздік саласында шешуші артықшылыққа қол жеткізеді. Бүгінде негізгі басымдық кванттық коммуникацияға беріліп отыр: ол мемлекеттің цифрлық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, болашақтағы ең перспективалы технологияларды дамытуға жол ашады», деді ол.

Жиында сондай-ақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов, Энергетика вице-министрі Ілияс Нәссенұлы, Қорғаныс министрлігі Цифрландыру департаментінің директоры Серік Божғұлов және өзге де қатысушылар сөз сөйледі.

Орталықтың ашылуына орай «Қазақстан-Сингапур кванттық технологиялар орталығы – ұлттық кванттық экожүйенің өсу нүктесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ғалымдар мен технологиялық компания басшылары қатысқан талқылауда орталықтың даму бағыттары, кванттық киберқауіпсіздік, индустриялық әріптестік және бірлескен жобалар шеңберінде зияткерлік меншікті қорғау мәселелері жан-жақты қаралды.

Тоқаев: Жасанды интеллект мамандандырылған зерттеу университеті ашылады

Соңғы жаңалықтар

Шайдоров әлемдік БАҚ назарында

Олимпиада • Бүгін, 12:06