Фото: ашық дереккөз
Астана қаласы
Түнде аздаған қар жауады, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Көктайғақ болуы мүмкін. Түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақмола облысы
Облыстың солтүстігінде түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Шығысында да аздаған қар жауады. Күндіз батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
Жетісу облысы
Солтүстік, шығыс және таулы аймақтарда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Алакөл маңында желдің екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.
Маңғыстау облысы
Батыс пен солтүстікте тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы кей уақытта 25 м/с-қа дейін барады.
Атырау облысы
Батыс, оңтүстік және шығыс бөліктерінде тұман түседі. Жел бағыты өзгеріп, екпіні 15-18 м/с болады.
Алматы облысы
Солтүстік және таулы аудандарда тұман мен көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Қостанай облысы
Таңертең және күндіз жаңбыр мен қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түседі. Жел екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.
Ақтөбе облысы
Солтүстік, батыс және шығыс бөліктерінде жауын-шашын, көктайғақ және жаяу бұрқасын күтіледі. Кей өңірлерде тұман болады.
Түркістан облысы
Оңтүстік және таулы аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Таулы өңірлерде нөсер жауын жауады.
Жамбыл облысы
Таулы аудандарда түнде қар мен жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ пен тұман болады.
Абай облысы
Батыс және солтүстік бөліктерінде қар жауып, бұрқасын соғады. Жел екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Ұлытау облысы
Кей жерлерде тұман мен көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысы
Қар жауып, бұрқасын соғады. Тұман мен көктайғақ болуы ықтимал.
Батыс Қазақстан облысы
Тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысы
Қар, бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде тұман болады. Желдің екпіні 28 м/с-қа дейін барады.
Павлодар облысы
Жауын-шашын, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысы
Солтүстік және орталық бөліктерінде тұман түседі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді.