Фото: ашық дереккөз
Бұл шара 2026-2028 жылдарға арналған атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын әзірлеу аясында қарастырылып отыр. Әкімдіктерге тиісті тапсырманы Экология және табиғи ресурстар министрлігі берген. Ведомство дерегінше, 2025 жылы «Қазгидромет» мәліметтері бойынша еліміздің 11 қаласында ауа ластануы жоғары деңгейде тіркелген.
Экологиялық жағдайы күрделі қалалардың қатарында Алматы, Өскемен, Қарағанды, Теміртау және Ақтөбе бар. Бұл қалаларда желсіз күндері түтін тарамайды. Ауа сапасы күрт төмендейді.
Тиімді шешімдерді табу үшін министрлік өкілдері Қытайға барып, Бейжің қаласындағы тәжірибемен танысты. Онда ауа сапасын жақсарту үшін бірнеше шара қатар қолданылады. Көлік қозғалысы реттеледі. Қоғамдық көлік жаңартылады. Қала аумағы экологиялық аймақтарға бөлінеді.
Оқи отырыңыз: Алматыда түтіні будақтаған автокөліктерді тексеру күшейді
Сапар соңында әкімдіктерге жаңа ережелер әзірлеу тапсырылды. Бұл ережелер нақты шектеулерді қамтиды. Соның бірі – «жұп күн – тақ күн» тәртібі. Қолайсыз метеожағдай жарияланған күндері көліктер нөміріне қарай көшеге шығады. Мемлекеттік нөмірінің соңғы саны жұп көліктер жұп күндері ғана қозғалады. Тақ нөмірлі көліктер тақ күндері ғана шыға алады. Бұл бір күнде жолға шығатын көлік санын азайтады.
Сонымен бірге қоғамдық көлік пен таксиді электр қуатына және газға көшіру жоспарланған. Қалалар экологиялық аймақтарға бөлінеді. Кей аумақтарға экологиялық класы төмен көліктер кірмеуі мүмкін.
Оқи отырыңыз: Түтінге тұншыққан шаһар: Мегаполистің экологиялық ахуалы қашан түзеледі?
Айта кетейік, мұндай ережелер Алматы қаласында 2025 жылғы 30 желтоқсанда бекітілген. Қалада шығарындылары аз аймақтар белгілеу көзделген. Экологиялық талапқа сай келмейтін көліктерге қосымша шектеулер енгізілуі мүмкін. Түтіні көп ескі көліктерді сатып алу тетігі де қарастырылып жатыр.
Оқи отырыңыз: Солтүстік Қазақстанда екі әйел түтіннің иісінен тұншығып қала жаздады
Мамандардың айтуынша, негізгі мақсат – жүргізушілерді жазалау емес, қолайсыз метеожағдай кезінде көлік санын азайту. Ауаның сапасын жақсарту. Қала тұрғындарының денсаулығын қорғау.