Президент • Бүгін, 16:15

Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті қазақ-қырғыз қарым-қатынасының оң динамикасына тоқталып, оған тұрақты саяси диалог, екі ел үкіметтері мен іскер топтары арасындағы белсенді ықпалдастық септігін тигізіп отырғанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Бауырлас елдердің көшбасшылары сауда-экономика, көлік-логистика және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың қарқынды түрде дамып келе жатқанына назар аударды.

Президенттер достық, стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы мемлекетаралық байланыстарды одан әрі кеңейтуге бейіл екенін растады.

Қырғызстан президенті Тәшиевті неліктен қызметтен алғанын түсіндірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа елімізде Конституциялық реформа жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл жаңғырту мемлекеттің қарыштап өркендеуіне негіз қалайды. Қырғызстан Президенті Қазақстандағы ауқымды өзгерістерді қолдайтынын мәлімдеді.

Қазақ-қырғыз шекарасындағы «Кеген» бекеті тәулік бойы жұмыс істейтін болады

Мемлекеттер басшылары өңірлік ынтымақтастық мәселелері жөнінде ортақ пікірде екенін жеткізді.

Қазақстан Президенті Бішкекте ШЫҰ саммиті мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары секілді маңызды халықаралық іс-шаралардың табысты өтуіне тілектестік білдірді.

Қырғыз Президенті 4 сынып оқушысына өз телефонын сыйлады

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың ел бірлігін сақтауға, қырғыз мемлекеттілігін нығайтуға бағытталған шешімдерін қуаттады.

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте газ құбырынан өрт шықты

Төтенше жағдай • Бүгін, 16:35

Алматыда жер сілкінді

Оқиға • Бүгін, 15:22