Саясат • Бүгін, 08:03

Елордадағы сараптамалық басқосу

0 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Заңнама және құқықтық ақпарат институтында Мәжіліс депутаты, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Бәшімовтің қатысуымен сараптамалық кездесу өтті. Сараптамалық диалог барысында «Адам құқығын қорғау саласындағы конституциялық жаңашылдықтар: жаңа тетіктер мен кепілдіктер» тақырыбы әңгімеге арқау болды.

Елордадағы сараптамалық басқосу

Талқылауға институт бас­шылығы, ұжымдағы жетекші ғы­лыми қызметкерлер, сондай-ақ танымал құқықтанушылар мен конституциялық құқық сала­сының мамандары қатысты. Кез­десу жаңа Конституция жоба­сын талдауға арналған ашық пікір­талас форматында өтті. Қаты­сушылар саяси-құқық­тық институттардың трансфор­мациясын және елдің Негізгі заңын­дағы құқық қорғау тетік­терінің рөлін күшейтуді жан-жақты қарастырды.

Сарапшылар қауымдастығы алдында сөз сөйлеген депутат М.Бәшімов құқықтық жүйені ізгілендіруге ерекше назар аударды.

«Жаңа Конституция жоба­сы – ең алдымен, азамат­тың мүдде­сін қорғауға бағыт­талған, сол тұрғыда тікелей қолданылатын құжат. Біз конституциялық нор­ма­­лардың сапалы эволюция­сын көріп отырмыз. Яғни құқық­­тарды жариялаудан оларды іске асырудың пәрменді тетік­терін қалыптастыруға дейін қам­тылды», деді Мәжіліс
депутаты.

Кездесу барысында инс­титут сарапшылары мен депутат жаңа конституциялық нормаларды қолданыстағы заңнамаға енгізудің практи­калық аспек­тілерін талқылады. Әкім­шілік әділеттілікті жетіл­діру, құқық үстемдігін қам­тамасыз ету және азаматтық қоғамның мемле­кеттік органдармен өзара іс-қимылы мәселелері көтерілді.

Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Индира Әубәкірова заң шығару үдерісін іргелі ғылыммен үйлестірудің маңыз­дылығын атап өтті.

«Парламент депутат­та­рының біздің институт алаңын­дағы сарап­тама­лық тал­қылау­ларға қаты­суы ұсынылып отыр­ған жаңа­лықтарға терең құқықтық диагностика жүр­гізуге мүм­кіндік береді. Марат Совет­ұлы­ның ғалым әрі прак­тик-парла­ментші ретін­дегі тәжіри­бесі заңнаманы жетіл­діру бойынша сапалы ұсыным­дар әзірлеуде үлкен мәнге ие», дейді И.Әубәкірова.

Сондай-ақ аталған инсти­тутқа қарасты лингвистика орта­лығының жетекші ғылыми сарапшысы Нұршат Жұмаділ жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістер болашаққа жасалған үлкен саяси қадам екенін атап өтті.

«Әрқайсымыздың көкейі­мізде «Жаңа редакциядағы Конституция бізге не береді, халқымызға не береді, қатар­дағы азаматқа қандай мүм­кіндік әкеледі?» деген сұрақ бар. Ең алдымен, Конституцияға енгізілген өзгерістер – бо­лашаққа жасалған үлкен сая­си қадам. Бұл, әсіресе, жас­тар үшін өте маңызды. Оның үстіне, ғалым ретінде әрбір терминге мән беріп, түсінікті әрі нақты жеткізгеннен кейін құжаттың мазмұнына тереңірек үңіліп, мән-мағынасын жан-жақты сезіне түстім», дейді Н.Жұмаділ.

Оның айтуынша, жаңа Ата заң жобасында өте маңыз­ды мәселелер қамтылған. Соның ішіндегі ең бастысы – азаматтардың жеке басының құқықтары.

«Азаматтардың саяси немесе діни көзқарасына байланысты ертең қандай да бір қысымға ұшырамауы, еркін өмір сүруіне кепілдік беретін нормалар нақты көрініс тапқан. Меніңше, біз осы Конституция арқылы жаңа бір қадам басып, елімізді жаңа биіктерге көтере аламыз. Конституция – күнде өзгертіле беретін заң емес, ол тағдыршешті кезеңдерде ғана жаңартылатын құнды құжат. Осы жолда депутаттардың да, ғалым­дардың да еңбегі зор деп есеп­теймін. Сол себепті ел бола­шағының жаңарып, жақса­ратынына, алдағы уақытта жаңа қадамдарға нық сеніммен бара­тынымызға үмітіміз мол»,  деді Н.Жұмаділ.

Кездесу қорытындысында қатысушылар ұсыны­лып отыр­ған консти­туциялық рефор­малар адам құқықтары сала­сын­дағы талаптар мен Халық­аралық стандарттарға сай келеді деген ортақ пікірге келді.

Соңғы жаңалықтар

Қай өңірлерде жолдар жабық тұр?

Қазақстан • Бүгін, 09:28